"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктем

05.04.2019

Көктем

   Табиғат ,шіркін, шебер ау! Адамзатқа, жануарларға, өсімдіктерге, тірі жәндіктерге, құстарға  дейін тіршілік мәнінің қадір- қасиетін білдіріп, ойластырған. Жыл басын қатал суығымен, алай- дүлей боранымен бастап, барлық жан иесі жаратылыстарды ұйқыға жіберіп, ал біреулерін жылы жақтарға самғатып  қыс мезгілі атанса, міне өзінің жылылығымен, шуағымен көктем атты жыл мезгілі келіп жетті. Көктемді нағыз тылсым сезім иесі деп айтуға болады. Сол көктем қазақ елінің оңтүстігіне қарағанда солтүстік аймағына  кешірек келеді.  Оның айрықша белгілері: күн жылынады, жылғалардан сарқырап су ағады, күн сәулесі ерекше шуағын шашады, жәндіктер ұйқысынан оянады, құстар туған жеріне оралады.

Көктемде  бәрімізге аян Наурыз мейрамы  болады. Бұл мерекеде күн мен түн теңеліп, адамдар қыстан аман- сау шыққандарына ризашылықтарын білдіріп, қуанады. Жайма- шуақ көңілмен  олар  бір – бірімен көріседі. Көктемнің көркемдігі мен әсемдігі осында шығар. Қыс пен жаздың  дәнекері көктемді барлық жанұя асыға күтеді. Олар көктемді  жаңашылдықтың, жанданудың  белгісі ретінде санайды .  Сондықтан біз: « Қош бол, қыс», «Армысың, көктем»- дегіміз келеді.

6-сынып оқушысы Мұрат  Жанерке

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст