"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіс туы желбіре

13.05.2019

«Жеңіс туы желбіре»

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 74 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Өкінішке орай жыл жылдап Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз азаюда. Осы күнгі сыйлаған өміріміз үшін ол кісілердің алдында бас ию аз болар. Әрбір қазақ азаматы бұл тұлғаларды үлкен әріптермен естеп сақтап, мақтан тұтып жүрсе деген тілегіміз бар
 

 

 

6 сынып оқушысы : Рымбек Дариға
 

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст