"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысының І жартыжылдық сараптамасы

11.01.2023

Ортағаш ауылының негізгі  орта мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған  тәрбие жұмысы бойынша сараптама

 

Ортағаш ауылының негізгі орта мектебі  2022-2023- оқу жылдарына алдына  төмендегідей мақсаттары қоя отырып жұмыс жасауда.

Мақсаты: «Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткеніне құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

1) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

2) оқушылардың оқу іс-әрекетіне тұрақты ынтасын дамыту, білім беру мен өз бетінше білім алудың өмір мен қызмет үшін маңыздылығын ұғыну.

3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты, сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту. 

отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ және басқа да этностар мен Қазақстанның этностық топтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру. 

4) елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру. 

5) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту. 

6) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту. 

7) әлеуметтік маңызы бар балалар, отбасы және ата-ана бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау.

8) балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.

9) балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.

10) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

11) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеу, «қатер» тобындағы балаларды мектеп өміріне, сыныпқа, үйірмелер, секциялар сабақтарына барынша тарту.

12) Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасына сәйкес кеңінен қолдану.

2022-2023 оқу жылына арналған мектептің тәрбие қызметінің басым бағыттары:

1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

2. Рухани-адамгершілік тәрбие.

3. Ұлттық тәрбие.

4. Отбасылық тәрбие.

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

 

Тәрбие жұмысының 2022-2023 оқу жылы бойынша мектебімізі нұсқау хатты басшылыққа ала отырып тәрбие жылдық жоспары құрылды. Мектебімізде 2-9 сынып бар. 8 сынып жетекші бар. 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда:

2021-2023 оқу жылында  1 сынып болса 2022-2023 оқу жылы, оқушы болмағандықтан, 1 сынып ашылмады. Сондықтан сынып жетекшілер саны қысқарды. Сонымен қатар жыл басында 7-сыныптан бір оқушы басқа мектепке ауысып, біздің мектепке басқа мектептен 3-сыныпқа бір оқушы келді.

 

2021-2022 оқу жылы

Сынып жетекшілер

Оқушылар саны

Сынып комплектісі

9

37

6

2022-2023 оқу жылы

8

29

6

 

 Жоспар негізінде төмендегі жұмыстар іске асырылды.

    «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»  тақырыбында ұстаздар, оқушылар, ата-аналардың қатысуымен   1- қыркүйек  алғашқы қоңырау мерекесіне орай іс-шара   өткізілді. Іс-шара  мектептің екінші қабатындағы залында ұйымдастырылып, өткізілді. Мектептің оқу ісі жөнінідегі орынбасары Ш. Б. Нурканова 2022-2023 оқу жылының жоспары және бұйрығымен таныстырды. Іс-шараға Зеренді АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Оспанов Е.Н. қатысты.

Мақсаты:    Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну  білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі  азаматын елжандылыққа тәрбиелеу. «Еңбек» адамгершілік  құндылығы  туралы түсініктерін  кеңейту.

Мектеп директоры Б.Каирбай сөз кезегі беріліп,  мектеп оқушыларын, ұстаздарды және  қонақтарды «Білім күні» мерекесімен құттықтап, мектеп оқушыларына жылы лебізін  білдіріп, биылғы оқу жылына сәттілік тіледі. 

Келесі сөз кезегіне АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Оспанов Е.Н.  оқушыларды, мектеп ұжымын және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, өз Отанын сүйетін мықты патриот, жаман әдеттерден аулақ болып, еліміздің атын шығаратыназамат болуларына тілек білдірді.

    Сонымен қатар ата-аналарда  ұстаздарды, оқушыларды «Білім күні» мерекесімен құттықтап,  мектебіміздің  атын тек жақсы жағынан шығарып жүре берулеріне тілектес екенін білдіріп, биылғы оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтады.

     

   

https://www.instagram.com/p/Ch9T_B6shWB/?igshid=NjcyZGVjMzk=

Жиын соңында оқушылар  сыныпқа кіргізіліп,  «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы тәрбие сағаттары өткізіліп, мұғалімдер арасында талқыланды.

Қыркүйек айының басында сынып сағаттарының кесетесі бойынша, сынып жетекшілерге, «Мектеп жарғысы, оқушының мінез-құлық ережелері» сынып сағаттары және Жолда жүру ережелері туралы әзірлемелер дайындау ұсынылды.

6-қыркүйекте мектебімізде «Мәңгілік Ел - Мәңгілік Тіл» тақырыбымен Тілдер мерекесі  онкүндігінің ашылып, «Ұлт Ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» атты тәрбие сағатын тіл маманы Бикина Р.Қ. өткізді.

Тілдер  онкүндігіне  оқушылар белсене қатысып, жоспарланған барлық іс-шаралар өтілді. Биылғы жылғы «Тілдер күні»  мерекесіне оқушылардың шығармашылық жұмыстарына басымдылық берілді.

    

https://www.instagram.com/p/CiKg0eHsX1D/?igshid=NjcyZGVjMzk=

Тілдер онкүндігі аясында орыс тілі пәнінің мұғалімі Оспанова Қ.М. ұйымдастыруымен «А.Байтұрсынұлының аудармалары» тақырыбында 6-9 сынып оқушыларымен   дана тұлғаның  аудармаларымен танысты. Оқушылар әр аудармадағы мысал кейіпкерлерінің образына кіріп, сахналық көріністер қойылып, «Оқуға құштар мектеп» жобасына басымдылық беріп  іс-шараны мазмұнды  өткізді.

                             

https://www.instagram.com/p/CiNDik1sf4l/?igshid=NjcyZGVjMzk=

 

Сонымен қатар  бастауыш сыныптар арасында А.Байтұрсынұлының аудармаларына орай мысалдардан сурет кейіпкерлерін салу көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар тек қана сурет салып қоймай, осы суреттер қай мысалдан алынған және олардың жақсы- жаман жақтарымен танысып, өз пікірлерін айтып отырды.

        

Қорыта айтқанда  «Тілдер онкүндігі»  өткен жылмен салысырғанда  өте мазмұнды, оқушылардың белсендіқатысуымен және оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің артқаны жайлы айтуға болады. Әр оқушы өз ой-пікірлерін  еркін айта отырып, сыни талқылау жасауға дағдыланып келе жатқанын айқындауға болады.

Отбасы күні мерекесіне орай мектебімізде  «Отбасы - өмір аясы»  тақырыбында сынып сағаты. «Менің отбасым» бейне роликтері , «Менің бақытты отбасым»  атты фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге салынды.

        

https://www.instagram.com/p/CiZLB95qm49/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/reel/CiZLZRVKZx-/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/p/CiZYnWjMWxi/?igshid=NjcyZGVjMzk=

Отбасы мерекесінде оқушылар өздері  ұсыныс жасап, бейнероликтер мен фотосуреттер көрмесін жасады. Бұл іс-шарадан балалардың ойлану, іздену, жан-жақтылық және қазіргі заман талабына сай заманауи өзгеріске бет бұрып келе жатқанына көз жеткізуге болады.  

12-қыркүйекте «Мәңгілік ел алыптары»  айдарымен Т.
Бигельдиновтың 100-жылдық мерейтойына байланысты 5-9 сынып оқушыларымен Т.А. Есентаева  «Талғат Бигельдинов» атты ерлік сабағын өткізді. Оқушыларға батыр аталарымыздың ерліктері жайлы таныстырып, тың деректер берді. Оқушылар ерлік сабағына ат салысып, тарихи зерделеу жасап, топтық жұмыстар мен жеке жұмыстарды атқара отырып белсене ат салысты.

     

https://www.instagram.com/p/CiZx3bns2fC/?igshid=NjcyZGVjMzk=

23-қыркүйек мектебіміздің 4-сынып оқушысы Теміртас Аяулым, М.Ғабдуллин атындағы мектеп гимназиясында ұйымдастырылған «Оқырмандар сайысының» аудандық кезеңінен  жүлделі 2-орын иеленді. Бұл сайыстың  мақсаты оқушы балалардың берілген әдеби кітаптардан оқығандарын есте сақтау және жазбаша түрде көркемдеп тіл байлығын  жеткізе жазып беру болатын. Аяулым бірінші кезеңнен тест сұрақтарына сүрінбей  жауап беріп, келесі кезеңдегі шағын 200 сөзден кем емес эссе жазудан жақсы  нәтиже көрсете білді.  Оқушы баланың есте сақтау қабілетінің  жақсы  дамып келе жатқандығын  бақылауға болады. Жалпы бұл мектебімздің былтырғы жылы "Оқуға құштар мектеп" жобасының жақсы жолға қойылып, оқушылардың оқу, ізденуі, есте сақтау қабілеттерінің дамуына жақсы әсер ететініне сенімдімін.

                                

https://www.instagram.com/p/Ci7uc0dMN02/?igshid=NjcyZGVjMzk=

«2022-жыл-балалар жылы» атауына орай  «Алтын күз» аудандық жеңіл атлетикалық марафоны ұйымдастырылып, 2007-2008 жылы ұлдар мен 2009-2010 жылы туған қыздар арасындағы 3000 м қашықтыққа жүгіруден Қалымтай Елдос және Қалымтай Айзат   жүлделі 2- орынға ие болып марапатталды. Жетекшілері Жумагулов Е.С. Мектеп оқушылары жалпы өткен оқу жылында да биылғы жаңа оқу  жылында да спорт жағынан  аудандық, облыстық сайыстардан жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Мектебімізде  «Бес асық», «Волейбол», «Теннис»   ойындары жақсы жолға қойылған.

     

https://www.instagram.com/p/CjCtHVtsSn-/?igshid=NjcyZGVjMzk=

Өзін- өзі басқару ұйымы   жаңа оқу жылында өзінің жұмысын «Ұстаздар» күні мерекесінде жақсы, белсенді және шығармашылық жұмыстарымен ерекше көзге түсті.  Өзін –өзі басқару ұйымының жетекшісі Жумагулова А.М. басқаруымен және  балалар ұйымының президенті 8- сынып оқушысы Сейдахан Ақмаржанның ұйымдастыруымен  ұстаздар күні өте жақсы өтті. Оқушылар өздерінің тапқырлықтарымен «Дублер күнін» сәтті өткізді. Әр оқушы өз сабағына пән мұғалімдерінің бағытымен жақсы дайындалып сабақтар берді. Олар өздерін ұстаз кейіпінде  ұстау  мәдениеттері мен сөйлеу мәдениеттері және сабақ берулеріне өте жақсы дайындықпен келген. Сонымен қатар ұстаздар күніне арналған концерттік бағдарламалары, құттықтаулары, лездемелік сапқа тұру арқылы «оқушыларды» марапаттаулары өте сәтті өтті.  Осы оқу жылында оқушылар өзін-өзі басқару  жобасын жақсы игеріп, жоспарлы түрде жұмыстар атқарып келеді. 2021-2022 оқу жылында  өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы  жоспарланғанмен көптеген жұмыстар іске аспай қалған еді. Ал, 2022-2023 оқу жылының  басынан бастап оқушылар және өзін-өзі басқару мүшелері өздерінінң жұмыстарын жандандырып, белсене ат салысып, отырыстарында  өз пікірлерін ашық айтып, қандай нақты жұмыстарды атқара алатындарын айқындап алып отыр. Сонымен қатар  оқушылар мектепке дейінгі   даярлық топ оқушыларымен «Айгөлек» шағын орталығының бүлдіршіндерін де бейнероликке түсіріп, құттықтауларын ұстаздарға жолдады.

  

https://www.instagram.com/p/CjICUmSsyao/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/reel/CjICnJQomk1/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/reel/CjI7im1oTd5/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/reel/CjJNRa6KkeM/?igshid=NjcyZGVjMzk=

2022-2023 оқу жылында мектебіміз «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша респубикалық челленджге  қатысып, мектеп түлектерінің  кітап оқуға құштар болу мақсаты туралы оқушыларға арнаған тілектері мен арнауларын  бағыттады. Челлендже қатысушы мектеп түлектері Нургалиева Бағылан және Бекбаев Достық. Бұл екі түлегімізде қазіргі уақытта өз жұмыстары мен кәсиби дағдыларын нақты жақсы жолға қойған. Нургалиева Бағылан Астана қаласының беделді  жұмыс  компаниясында  жұмыс атқарса, Бекбаев Достық «Хабар» арнасында жұмыс атқарады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы былтырғы жылдан бері жақсы жолға қойылып, оқу аптасының әр бейсенбі күні 30 минуттық оқу дағдыға айналып, барлық мектеп ұжымы осы уақытта өздерінің  уақыттарын рухани дамуға арнайды. Бұл жобаны іске асырушы мектеп кітапханашысы Оспанова Б.А.

  

https://www.instagram.com/reel/Cjr16I5IaMa/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/reel/CjkswKmoWKC/?igshid=NjcyZGVjMzk=

 

14.10.2022-2023 оқу жылы мектебіміздің  оқушылары аудандық білім бөлімінің мамандарымен ұйымдастырылған  «Өз ісіңе өзің жауап бер»  тақырыбында М.Ғабдуллин а. НОМ  Қанай би, Кіші-түкті және Ортағаш ауылының мектеп  оқушыларын құқықтық тәрбие және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында 8-9- сынып оқушыларын семинар сабаққа жинады. Бұл кездесу өте пайдалы және маңызды болып өтті. Аудандық ауруханадан мамандар, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінен мамандар  және психологтар келіп оқушыларға маңызды ақпараттар берді. Кездесу соңында мектеп  оқушылармен семинар тақырыбына байланысты  қорытынды жасалды. Олар қазіргі өмір сүру кезеңіне неден сақ болу керектігін, неден аулақ жүру керектігін ұғынды деп ойлаймын.

   

https://www.instagram.com/p/CjsS6HUMTaC/?igshid=NjcyZGVjMzk=

17- қазан күні Республика күніне орай мектептің 5-9 сыныптар арасында қазақ тілі пәні мұғалімдері  «Қыран елім -Қазақстаным» тақырыбында патриоттық диктант жазғызды.

Мақсаты:

1. Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.

3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу болды. 

Сонынмен қатар мектебімізде «Қазақстан менің Отаным» тақырыбында қабырға газеттері сайысы өтті.  Оқушылармен снып жетекшілер біріге отырып, еліміз туралы барынша әңгімелеп, өз жұмыстарын қорғап шықты.

Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының арасында респеблика күніне орай «Көңілді жарыстар»  ұйымдастырылыды. Бұл жарысқа  оқушылармен бірге ұстаздар және ата-аналар қатысты.  Көңілді жарысқа қатысушылар белсенді ойындарға көтеріңкі көңіл күймен қатыса отырып, екі топ тең түсті. Биылғы оқу жылында оқушылар мен бірге ата-аналар барлық іс-шараларға белсене ат салысып, балаларымен бірге қуанып, туындаған қиындықтарды шешу жолдарын  бірге іздеп, ынтымақтастықпен жақсы жұмыстар өткізіліп келеді.

Республика күнінде мектептің өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушылары мен  балалар ұйымының аға тәлімрегі А.М.Жумагулова мараптатталды.  Мектеп директоры оқушылардың атқарған жұмысиарын ерекше атап өтіп,  алдағы уақытта осындай белсенді , шығармашыл  болу керектігін айтты.

 

       

https://www.instagram.com/p/Cj47wFDsfv5/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/p/Cj5OWscMtcV/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/p/Cj7ZPIGsteg/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/p/Cj-DUs_MGt9/?igshid=NjcyZGVjMzk=

24.10.2022 мектебімізде Респубика күніне орай, көрші ауыл жастары және мектеп оқушылары арасында  волейбол жарысы ұйымдастырылды. Қатысқан ауылдар Кіші-түкті, Қанай би, Көктерек, Игілік ауылдары. Нәтижесінде 1 орынға Ортағаш ауылының оқушылары, 2- орынға Ортағаш ауылының жастар командасы, 3- орынды Қанай би  ауылының командасы иеленді. Мектебімізде  спорттық кездесулер жиі болып тұрады. Оқушыларымға   денешынықтыру пәнінің ұстазы Е.Жумгулов  нақты  талаптар қоя отырып, спорт жағынан аудан, облыс бойынша өте жақсы жетістіктерге жетіп жүр.

  

https://www.instagram.com/p/CkGBUGKM9CG/?igshid=NjcyZGVjMzk=

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша 9-11 сынып оқушыларының арасында өткен «Бес асық»  аудандық жарысынан 27-қазанда  Қалымтай Айзат, Темірбек  Меруетр, Сейдахан Ақмаржан жүлделі 2 орын алды.

https://www.instagram.com/p/CkM5kmpIrSA/?igshid=NjcyZGVjMzk=

Биылғы жылы мектебімізде «Дебат- пікір айыс ойыны»  клубы мүшелері сайланып,  өз жұмыстарын бастады. Клуб жетекшілері болып, қазақ тілі пәні ұстазы Бикина Р.Қ. және тарих пәнінің ұстазы Есентаева Т.А. тағайындалды. Клуб мүшелігіне 7-9 сынып оқушылары кірді.  Қараша айында Дебат-пікір сайыс клуб мүшелеріне жетекшілері  дебаттың  өтілу түрлері мен тәсілдерін, тәртібін  түсіндіріп өтті. Бір аптадан соң   оқушыларға түсінікті болу үшін ұстаздар өздері «Қалада тұрған ауылға қарағанда жақсырақ» тақырыбымен пікірсайыс ұйымдастырды. 15-қарашада оқушылардың қатысуымен « Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбында алғашқы ойын өтті. Ал 22 қарашада «Замануи жасөспірімдер білімді, тәрбиелі деп есептейді» тақырыбына екінші команда қатысты. Негізі дебат клубының оқушыларға берері мол. Біріншіден оқушылардың тіл байлығы дамиды, екіншіден өз беттерімен ізденуге дағдыланады, үшіншіден топтық жұмыстар, бір-бірін тыңдау, қарсы пікір айта білу, өз ұстанымын сақтай отырып, ойын толық жеткізуге үйретеді. Оқушыларға  пікір сайысқа қатысу ұнайды.  Дебат мүшелері өз-өздерін жетілдіру үстінде.

    

https://www.instagram.com/p/ClQSKOuMw11/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/p/Ck-AqB5IYEj/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/p/Ck-BKYVolEZ/?igshid=NjcyZGVjMzk=

17.11.2022ж мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Бұл жиналыстың ерекшелігі жиналыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде «Отбасы тәрбие ұясы» тақырыбында баланың отбасындағы тәрбиесі туралы, мектептегі оқу барысы мен мектепішілік іс-шараларға қатысулары туралы шағын пікір алмасу болды.  Ата-аналарды толғандырып жүрген мәселелер талқыланып, ортаға салынды.  Қаралып отырған мәселеге байланысты психологиялық ойындар, жағдаяттар ұйымдастырылды. Екінші бөлімде әр ата-ана баласының үлгерімі жайлы бөлек пән мұғалімдерімен кездесіп, жеке әңгімелесіп, үлгерім жағын талқылады. Бұл ата-аналар жиналсы өте маңызды және дәстүрлі жиналыстан өзгешелеу болды. Барлық ата-аналар жиналысқа тартылып, бала тәрбиесі,  кездескен қиыншылықтар болса одан шығу жолдарын анықтап алды.

       

https://www.instagram.com/p/ClQROsqM2ka/?igshid=NjcyZGVjMzk=

Қараша айында IIV аудандық «Бала би» шешендік өнер сайысы  болып өтті. Бұлс сайыста 7- сынып оқушылары «Асыл сөз» тобы болып,  белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Жеткшісі Есентаева Т.А. Оқушыларымыз аудандық сайыстарға қатысып, тіл шеберлігі, тапқырлығы жағынан ашылып, өздерін көпшілік алдында қысылмай ұстау дағдыларын қалыптастырып келеді. Бірақ оқушыларымызға бұдан да жақсы деңгейге жету үшін әлі де көптеген жұмыстар атқарып, дайындалып, тіл байлықтарын арттыру қажет.

    

https://www.instagram.com/p/ClQTY_tspJJ/?igshid=NjcyZGVjMzk=

Қараша айының 22-сі күні, аудан мектептерінің 6-7 сынып оқушыларының арасында «Дулат оқулары»  байқауы өтті. Бұл байқауға қатысып 3 жүлделі орынды иелеген Думан Аян ерекшеленді.  Жетекшісі Есентаева Т.А.   Думан Аян мектептегі оқушылар арасында сөзге шебер, іс-шараларға белесене қатысып жүретін оқушы. Бұл сайыс  жалпы оқушыларға  тарихи деректерді, жырларды жаттауға, есте ұстауға және көңіліне тоқуға маңызы зор.

  

https://www.instagram.com/p/ClQUpKOsV6Y/?igshid=NjcyZGVjMzk=

14.12.2022ж. Тәуелсіздік күніне арналған  «Тарих тағлымдары» атты аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізген сахналық көріністе мектебіміздің оқушылары «Алаш қайраткерлері»  атты шағын сахналық көрініс көрсетті. Бұл көріністе балалар шын мәндерінде өз бойларынан өткізіп өте әсерлі  қойылым жасады. Оқушыларымыз мадақтама қағазбен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Есентаева Т.А. Жалпы Есентаева Т.А.  оқушыларды сахналық көрініске, мәнерлеп оқу сайыстарына  өте жауапкершілікпен қарап,  жақсы дайындайды. Ұстазға жұмысында табыс тілейміз.

  

https://www.instagram.com/p/CmJx1Dushq8/?igshid=NjcyZGVjMzk=

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік белестері»   атты  іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде «Жас ұлан» ,  «Жас қыран» балалар ұйымына 2-5 сынып оқушыларын қабылдау салтанаты  болып өтті. Екінші  бөлімде  оқушыларға желтоқсан құрбандары туралы деректі фильмдер, тәуелсіздік жолдар туралы мәліметтер берілді.  Қабырғаға тәуелсіздік хронологиясы ілініп, оқушылармен таныстырды. Әр сыныпта сынып сағаттары өтіп, тәуелсіздік құрбандарын еске алып, жас батырлармен таныстырды.

 

https://www.instagram.com/p/CmMNp1Ws-Yr/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/p/CmMOmhjscIX/?igshid=NjcyZGVjMzk=

29.12.2022ж , мектебімізде екі аусымда Жаңа жыл мерекесі тойланды. Бастауыш сыныптарда  таңертеңгі 10.00.де басталып, «Жеті лақ» желісі бойынша сахналық көрініс қойылды.  Көрініске ата-аналар мен бастауыш сынып, мектепалдыдаярлық тобы, «Айгөлек»  шағын балалар орталығы бүлдіршіндері қатысып, белсенділік танытты.

Жоғары сынып оқушыларының жаңа жылы 17.00 –де басталып,  Аяз ата мен Ақша қар келіп, әр сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ойындар ойнап, сыйлықтарын алды. Биылғы оқу жылында «Зеренді Астық» ЖШҚ басшысы Тлеуғабыл Бекайдарұлы  әр оқушыға  сыйлық (кулок) дайындап сыйға тартты. Жаңа жыл мерекесі екі ауысымда да өте қызықты және оқушылардың белсене қатысуымен өтті.

      

https://www.instagram.com/p/CmyRW4NMy_S/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/p/CmyWey-M6JY/?igshid=NjcyZGVjMzk=

https://www.instagram.com/p/CmybbEhM-zg/?igshid=NjcyZGVjMzk=

 

Аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын алу жұмысы бойынша мектеп пелагог-психологы  Каирбай Ф.Д.жұмыс аитқарады.

Ақпараттық анықтама: Ортағаш аулының орта негізгі мектебінде барлығы 29 оқушы бар.Сыныптар саны 8.

Мақсаты :

1.Суицид туралы мағлұматтарды кеңейте отырып, жан-жақты түсінік беру;

2.Жан күйзелісіне шыдай алмай, үмітсіздікке бой алдырудан сақтандыру;

3.Жеке басының дағдарысы мен жағдайдан шығудың жолдарын үйрету, алдағы өмірге, болашаққа деген құлшынысын, сенімін арттыру.

Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Педагогикалық этиканы сақтай отырып, баламен сөйлесу, оған жылы қабақ таныту, қолдау, оның көңіл-күйінің бұзылу себептерін анықтауға мүмкіндік береді деп мұғалімдер арасында әңгіме мақсатында өткізілді.

 

 

Баланың қиналып жүрген сәтінде көңіліне демеу болар, ақыл-кеңес берер  ата-анасы болса, оның өз өміріне қасақана қол сұғып, өзін-өзі өлімге қимасы анық деген оймен жұмыстар өткізілді.Ата-аналар жиналысына жадынама, сенім телефоны, жаттығулар  жұмыстары жүргізілді.

 

 

     Сонымен қатар 5-9 сынып оқушылары арасында жоспар бойынша «Мен өмірді сүйемін» , «Отбасы –өмір аясы»(презентациясымен) тақырыбында сабақтар өткізілді.
Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.

 

Жоспар бойынша тест «Сіз эмоцияға жиі берілесіз бе?»

Мақсаты қаншалықты эмоцияға берілгіш екенің анықтау

 

 

 

Жоспар бойынша өткізілетің жұмыстар алда тест,әңгімелер,кездесулер,саулнамалар және тағыда басқа жұмыстар. Оқытушыларға психологиялық кеңестер таратылды. Аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын алу  бойынша  тағы да  сынып жетекшілер, аға тәлімгер,тәрбие  ісінің меңгерушісі, пән мұғалімдер жұмыс жасауда. Оқытушылар кездесулерде  белсене қатысады.

2021-2022  жж, 2022-2023 оқу жылдарында мектебімізде  мектепішілік бақылауда тұрған оқушылар жоқ. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тіркелмеген. Аутодиструктивті  мінез-құлық алдын алу бойынша мектеп  педагог-психологі Ф.Д.Каирбай оқушылармен үнемі жұмыс атқарып отырады. Биылғы оқу жылында мектебіміз «Оқуға құштар мектеп» , «Дебат» , «Өзін-өзі басқару» жобаларымен жұмыс жасауда.

 

Мектеп директоры :                   Б. Х.Каирбай

 

ДТЖО:                        Н. К. Кенжесова

 

 

 

Просмотров: 879


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст