Ортағаш негізгі мектебі
«Өзін – өзі тану» пәні бойынша өткізілген іс – шараның есебі
01.10 - 12.12 аралықта Өзін – өзі тану пәні бойынша Ортағаш НМ іс – шаралар жүргізілді.
Қыркүйек айының 08. 10 күні 5- сынып оқушыларымен өзін – өзі тану пәні мұғалімі Жумагулова Айымгул Мусулманбекқызының басқаруымен «Менің отбасым» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақ өте қызықты, оқушылар белсене ат салысты.
14.10 күні 8 - сынып оқушыларымен «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында өзін – өзі тану пәнінің элеметтері көрсетілді. Сабақта мынадай әдістемелік тәсілдерді қолдандық. Олар: тыныштық сәті, дәйексөзбен жұмыс, шығармашылық, топтық тапсырмалар, топпен ән айту.
24. 10 күні мектеп психологы Каирбай Фарида Джангельдиновна ата – аналардың қатысуымен «Менің балам қандай?» тренингін өткізді. Тренинг барысында әр түрлі мәселелер талқыланып, ата – аналардан арнайы анкета, «қаншалықты олар өз балаларын біледі» сынды түрлі тапсырмалар орындалып, кеңестер берілді.
06. 11 бастауыш сынып мұғалімі Бикина Ризагул өзін – өзі тану пәнімен байланысқан, яғни интеграцияланған ашық сабақ үлгісін көрсетті. Ашық сабақ Әдебиеттік оқу пәнінен өткізілді. Сабақ барысында өзін – өзі тану пәнінің тыныштық сәті сынды элементтері қолданылды.
18.11 Мұғалімдермен де «Рухани – адамгершілік білім тұрғысынан мұғалімдердің атқаратын рөлі» атты тақырыпта семинар өткізілген болатын.
02-06.12 аралығында «Қызықты ертегілер» атты сыныптан тыс іс- шара апталығы өтті. Оқушылар мәні терең ертегілерді таңдап, сахналап көрсетті. Оқушылар бойына осы көріністер арқылы адамгершілік қасиеттерін дамытып, өсет өнеге алды деген ойдамыз.
Есеп беруші Өзін – өзі тану пәнінің мұғаілімі:
Жумагулова А.М. Сызкен Ж.М.