Текст
Мектебімізде Зеренді аудандық ІІБ-нің мамандары ювеналды полиция капитаны Доскарина Лейла Мақсұтқызы, полиция капитаны Аубакиров Денис-Бек Теміртасұлы, учаскілік полиция инспекторы аға лейтенат Окапов Рустам Жылқыбайұлының қатысуымен мектеп оқушыларының кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуді мектеп педагог-психологі Каирбай Фарида Джангелдіқызы психологиялық ойыннан бастап, қаралатын мәселелер туралы таныстырды. "Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу", "Тәртіп бұзушылық пен буллингтің алдын алу", "Жыныстық тиіспеушілік және зиянды әдеттерден сақтану" тақырыптарында сөз қозғалып , түсіндірмелер жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар осы тақырыптарға сай сұрақтар қойып, жауаптар алды.