"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1- ші жартыжылдық гуманитарлық пәндер жетістігі 2019-2020 оқу жылы

23.01.2020

Ортағаш негізгі мектебінің гуманитарлық пәндер бірлестігі бойынша

І жартыжылдық есебі 2019-2020 оқу жылы

   Мектеп жұмысының барлық жүйесін біртұтас байланыстыратын мұғалімнің педагогикалық шеберлігін көтерудің маңызды құрамы әдістемелік жұмыс. Гуманитарлық пәндер «Жаңа технология әдістерін қолдана отырып, сабақ үдерісінде қолдану арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіби келбетін қалыптастыру, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету» мақсатында жұмыс жасады.

  Бірлестік жетекшісі Жусупбекова Шнар Рымбекқызы 2019-2020 оқу жылына арналған мектепішілік жоспар белгіленіп, оқушылардың бос уақыттары есепке алынып, пәндік және үйірмеге тартылғаны, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, оқушыларды мектепте және сыныптан тыс оқу жұмыстарының барлық түрлері қамтылып, нысаналы жұмыстар атқарылғаны туралы айтты.

   Қыркүйектің 5-18  жұлдызы аралығында ««Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің негізін қалаушы»» атты тақырыпта жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгеріп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін қастерлеуге, тіл мәртебесін көтеру маақсатында гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген мектепішілік онкүндік жұмысы жүргізілді. Онкүндік қызу дайындықпен өткізілді. Мерекелік іс шара  салтанатты жиынмен ашылып өз жалғасын тапты. Жоспарланған шаралар дер кезінде өткізіліп отырылды. Жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта білуге, топ алдында еркін сөйлеуге баулу мақсаты көзделді.   Жалпы, өткізілген онкүндік мағынасына сай, кең көлемді тақырыптарда жүргізілді деуге болады. Өткізілген іс- шаралардан оқушылар көп әсер алып, келешекте оларға пайдасы тиеді деген сенімдемін.   

   «Тілге құрмет - баршаға міндет, тарихқа құрмет - ұрпаққа міндет» тақырыбында  гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы өтілді. Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыс пен оның жүргізу әдісінің мәні, балаларды өмірлік тәжірибе жинақтауға ұмтылдырып, олардың жаңа ілімдерді зерттеуге қызығушылығын арттыруға лайық болғаны сөзсіз деп ойлаймын .

 

 

 

 

 

  Педагогикалық шығармашылықты дамыту және түрлі бастамаларды іске асыру мақсатында мектебімізде әдістемелік жүйе қалыптасты. Онда оқушылардың пәнге деген қабілеттеріне қарай аймақтық, аудандық, республикалық сайыстарға қатысуға дайындық жұмыстары жүргізіліп  отырылды. 

  Қазақ тілі пәні бойынша аудандық олимпиадаға 9-сынып оқушылары Думан Көгершін мен ағылшын тілінен Рымбек Мерейлім қатысып, өз қабілеттерін байқап қайтты.

  Өткен оқу жылының нәтижесі бойынша   аудан әкімінің алғыс хатымен Жусупбекова Шнар Рымбекқызы марапатталды.

Алдағы оқу жылында да пән мұғалімдері мен оқушылар тығыз байланыста жұмыс жасап, оң нәтижелер береді деген сенімдемін.

 

 

 

 

ГПБ жетекшісі: Жусупбекова Ш.Р. 

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 196


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст