"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Прощай, начальная школа!

05.06.2017

Тақырыбы:

« Қош бол, бастауыш ! »

Мақсаты:

1.

Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз

болып қаланатынына көз жеткізу.

2.

Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса

отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін

таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім

берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын

арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Слайд,шарлар,қанатты сөздер,гүлдер.т.б

Кіріспе

сөз:

Мұғалім:

Бұл

оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол

табар қараңғыда адасқанда .

Мал

озбас біле білсең білім озар,

Ақыры

керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп,

ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген

шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш»

мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош

келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн

осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын

мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын

бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы

отыр.

Бесіктегі

баланың,

Күлгенін

көрген - бір мұрат.

Алдына

түсіп ананың.

Жүргенін

көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға

шақырайық!

 

Толқимыз

, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай

күй болған сірә қаншаңызда

Қол

соғып, қошеметтеп шақырайық

4-

сыныпты ортамызға!

 

Вальс.

(Бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.)

 

Мұғалім:

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала

болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.

     Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың

көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір

осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер

өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да

есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен

сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,

ата-

аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Ертеңгілігімізді бастамас бұрын,мектебіміздің

басшысы Қайырбай Бақытбек

Хасенұлына,тәрбие ісінің меңгерушісі  Кенжесова Нұрсұлу Қазтайқызына және оқу

ісінің меңгерушісі Нұрқанова Шынар Балташқызына сөз береміз.

 

Мерекемізді

бастауға рұқсат етіңіздер,олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық !  

Жүргізушілер:Есмағұлова

Лимара,Мұрат Жанерке.

 

Лимара:

Армысыздар әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз

күнде өзіңнен бата алар.

Ел

дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен

ғой Абай, Ыбырай бабалар.

 

Жанерке:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран

құстай балапанын мәпелер.

Бүгін

міне бастауышпен қоштасады,

Азамат

боп , кешегі сәби- еркелер!

 

Лимара:Армысың

сен , алтын ұя мектебім

Саған

айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге

жаққан білім шырағын ,

Мектебіме

арналады бұл әнім!

 

Жанерке:Дұрыс

айтасың Лимара! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем

де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

 

Лимара

: Олай болса Жанерке алтын ұя мектебімізге арнап

Бота

Бисенова апамыздың «Мектебім,аяулы мектебім!» әнін шырқайық!

Ән:

 Дариғаның орындауында «Мектебім,аяулы

мектебім!» қабыл алыңыздар.

 

Жанерке:Иә,мектебімізге қандай жыр

арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын

тыңдайық

 

1-

оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп

деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп

деген тәрбиеші адамға.

Мектеп

деген даналардың мекені.

 

2-оқушы:Лимара

 Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер

жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған

4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан

қасиетті атың маған.

Арада

өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр

күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе

борыштармын өмір бойы

Есейген

шәкіртіңнің серті деп біл.

 

3

-оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған

айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге

жаққан білім шырағын,

Мақтан

етем сені мәңгі мектебім.

 

 4-оқушы:Рахат

Ұлылықты

ардақ тұтар үнемі,

Алтын

ұя, ақ босаға киелі.

Қанат

қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі

шәкірт саған басын иеді.

 

5-

оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың

үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді

сенің күміс қоңырауың,

Тұрады

құлағымда сыңғыр қағып.

 

6-оқушы:

Ақарыс

 Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен

өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң

ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып

, сан тарапқа тараған.

 

7-оқушы: Жанерке

Мектебім-

сүйікті мектебім,

Бауырыңда

түлеймін , көктеймін.

Сен

– бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен

нәр алып көктедім.

 

Би

: «Қазақ биі»

Лимара:

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш

қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42

әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені

бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз

туралы не айтар едің Жанерке?

 

Жанерке

:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі

шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 

Лимара:Дұрыс

айтасың Жанерке,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған

ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де,

бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

 

Жанерке:

Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да,

ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай

болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

 

Лимара:

Тек

үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік

, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар

ақ жолың сенің салған,

Бар

деп ұққын әрқашан балаң мықты.

 

Жанерке:

Алғашқы

ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай

көңілде мәңгі қалатын.

Сағына

әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін

жиі еске алаты

Лимара:

Шәкірттер

сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз

жүректерде сақталады.

Біз

әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт

пен сеніміңіз ақталады .

 

Ән:«Мектебім»

 Қыздардың орындауында,қабылалыңыздар.

Жанерке:

Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға

көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

 

Лимара:

Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып,

орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

 

Жанерке:

Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты,

тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

№Ойын: «Шашылған әріптерден сөз құрау»

Қатысатын: 5 ата-ана,5

оқушы.

ӘН:

Рахат пен Ақарыстың орындауында «Алтын ұя мектебім!»

 

Лимара:

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз.

Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол

кісілердің арқасы.

Жанерке:Ыстық-

ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа

шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің

соқпағымен өрге тартып,

Алдымен

адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

Лимара:Әр

ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен

дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап

барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін

ақтай білгенге не жетсін!

Жанерке:

Иә, дұрыс айтасың Лимара. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек

ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Ән

: Әбдіжаппар Әлқожаның «Ана әке» 4-сынып оқушыларының орындауында

Лимара:

Жетекші

боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді

ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер

тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге

арнап айтатын тілегін де,- дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің

айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің

айналыңдар серперіне.

Ұстаздық

ақ жүректен мен тілеймін,

Тек

сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 

Айналайын

жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын

жаныңды күз көңілден.

Мен

сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек

тілеп тұратын іздеріңнен.

 

Марапаттау

рәсімі

Ата-аналарға

сөз беріледі.

Просмотров: 270

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст