"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілін заман талабына сай білу

30.03.2017

Ағылшын тілін заман талабына сай білу

Қазіргі заман адамдарға уақыт өткен сайын жаңа-жаңа талаптар қоюда.Оған

компьютерлік технологияны жетік меңгеру,сонымен қатар шет тілдерді білу

жатады.Осы шет тілдердің ішінде менің таңдағаным ағылшын тілі. Ағылшын тілі-

халықаралық тіл.Әлемдегі ең көп таралған ,әрі қытай тілінен кейінгі халық саны

бойынша ең көп пайдаланылатын да дәл осы тіл.Ағылшын тілі Ұлыбритания,Америка Құрама

Штаттарының ,Аустралия ,Жаңа Зеландияның және тағы басқа мемлекеттердің  ана тілі болып саналады.Ағылшын тілін

мектепте оқыту не үшін қажет ? Шет тілдерді меңгеру оқушының ойлау қабілетін,

логикасын және есте сақтау қабілетін арттырады . Одан басқа ағылшын тілінен қазақ тіліне қаз қалпында енген сөздер көп.

Мысал ретінде Айсберг, «ice»-мұз, ал 

«berg»-тау дегенді білдіреді.Заман дамып жатыр.Бүгінгінің жастары

бір орында тұрақтап қалмайды.Оқушылардың көбінде интернет желісі бар.Ол арқылы

көптеген шетелдік адамдармен танысып сөйлесуге болады.Қазақ балалары ағылшын

тілін мектеп табалдырығын аттағаннан бастап үйренеді.Елбасымыз Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев «Әрбір қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек,2020жылға

дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек»-деген екен.

Бұл тіл дипломатиялық қатынастарда , медицинада, сауда ісінде, компьютерлік

техникаларда қолданылу аясы ең көп тіл.Кейбір адамдар ағылшын тілін белгілі бір

кәсіппен айналысқанда бизнесін өркендету үшін , кейбірі саяхаттау барысында ,

басқалары хобби ретінде меңгереді.Менің ойымша тіл үйренудің еш зияны жоқ,

керісінше пайдасы ұшан теңіз.Баска мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесін

биік екенін мойындату үшін ағылшын тілін білу артық емес.Мемлекет басшысы

болашақты жастарға сеніп тапсырып, білім алуға қолайлы жағдай жасап отыр . Осындай

мүмкіндікке ие болған біз бақыттымыз.

                                                                                           

Ортағаш орта мектебі

                                                                                                 

                                                                                                   

Өтежан Алуа

Просмотров: 374

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст