Тақырыбы: «Нағыз ұл,
ол қандай?»
Мақсаты:
1.
Ер адамның әлеуметтік рөлін дұрыс орындауға деген
қажеттілігін қалыптастыруға бейімдеу;
2.
Дене тәрбиелік қалыптасуға ықпал жасау.
Көрнекіліктер: таза қағаздар, «Спортпен айналысатындарға
ескертпелер» стенді
Барысы:
(ортада дөңгеленіп отырамыз)
I. Балалар,
«адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп
бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет. Енді әсем әуен
сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.
Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Әрқашан
жүзіңнен күлкі кетпесін! Адал бол! Қайырымды бол! Жүрегің жақсылыққа толы
болсын! Алланың нұры жаусын!
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл
туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл
сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Нағыз ұл, ол қандай?» атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз.
Ұлдар!
Қандай ұлы, мазасыз, дауыстары зор балалар! Келісесіңдер ме?
Олардың қолында біздің
болашағымыз. Сендердің таланттарың, шығармашылықтарың, белсенділіктерің,
қайыспас қайраттарыңның арқасында
ертеңімізге сенімдіміз!
Ересек өмірге аяқ баспай тұрып, ұлдардың мектебін
өтулерің қажет. Сондықтан мектепте жүріп табыстарға жетудің мәні зор.
Жүзметрлікке
жүгіруді тамаша игере отырып, досыңды шалып қалу, бокстың дәл және қулық
тәсілдерінің он шақтысын үйрене отырып, шын күресте көрсетпей, өзінен кішілерді
ренжітіп, әлсізге күш көрсету- бұл өмірде кездесетін жағдайлар. Бұл, әрине,
нағыз ұлдарға тән қасиеттер емес.
Ия, нағыз ұл еместер де өмірде кездеседі. Бүгін нағыз
ұлдар қандай болу керек деген тақырыпта сөйлесейік.
II. Дөңгелене отырып сөйлесейік. Сендердің ойларыңды
тақтаға жазайын:
·
Батыл және епті
·
Жақсы дос
·
Шебер
·
Мықты және дені сау
·
Ер мінезді...
III. (Анатолий
Маркушаның әңгімесінен үзінді оқимын, 80-бет)
Қорытынды жасау. Бала сегіз жасында үш адамның өмірін
құтқарды. Осы жағдайда ол қандай ер адам
мінез көрсетті?
(оқушылар өз ойларын айтады, ал мен тақтада жазылғанды
толықтырамын.)
IV. Нағыз ұл болу үшін өз бойыңда ер мінезді
қалыптастыруды армандайсыңдар, ия? Бұл
әрине қиын. Бірақ мүмкін іс. Неден бастау керек? Сендер барлығың да күшті,
батыл болғыларың келеді. Бұлай боп тумайды, қалыптасады. Қалай күшті болуға
болады? Өз бойыңда батылдықты қалайша қалыптастыру мүмкін?
Әмбебап кеңестер жоқ. Сендерге кеспеде берілгенді
ұсынамын. Оқыңдар.
(балалар кеспелерді алып, оқиды, сосын өз ойларын айтады)
1-кеңес. Әрқашан, тіпті қиын сәттерде де, шындықты жақта.
Өзің сенетін шындықты қолда. Осы жолда жан-дүниеңнің және ақылыңның батылдығы
өседі.
2- кеңес. Шынық. Мықты және денің сау болсын. Спортпен
достас. Осы жолда тәніңнің батылдығы өседі.
V. Нағыз ұл спортпен дос болады. Әрине, барлығың чемпион
болмайсыңдар, бірақ спортпен айналысу әр адамға денсаулығы мықты, физикалық
дұрыс дамуы үшін қажет. Ал нағыз ұлға ол күшті, епті, батыл, төзімді
болу үшін қажет.
Дәл қазір
спортпен айналысуды жаңада қолға алып жатқандар үшін ескертпеге көңіл аударайық
және әр кеңеске өз ойымызды айтайық.
Тақтада ілінген ескертпеге көңіл бөлеміз.
1.
Күнде таңертең ұйқыдан тұрған сәтте сергіту жаттығуларын
жаса.
2.
Жаттығудан кейін міндетті түрде салқын сумен жуын.
3.
Таза ауада көп жүруге тырыс. Қозғалыс ойындарын ойна.
4.
Қол мен аяқты жаттықтыр. (күш жаттығуларын, еденнен дене
көтеру, турникке тартылу, т.б.)
5.
Қарапайым спорттық құралдарың (инвентарь) болсын.
(Доп, қолға арналған кіші доп, эспандер,
көлденең ағаш т.б.)
6.
Өзіңе қнайтын спорт секциясына жазыл.
(әр бала оқып өз ойларын айтады)
VI. «Өзіңді таны» ойынын ойнатамын.
Әр балаға таза парақ беремін, бала өз атын жазады.
Парақтар араластырылады да, ойын тапсырмаларын орындау үшін балаларға
таратылады.
Тапсырма:
Жоғарыда жазылған балаға ассоциация жаз. Бірінші ассоциация, (қай спорт түрінен ол
бала табысқа жетер еді деп ойлайсың, өзін танытар еді...) .
Екінші ассоциацияда жануармен байланыстыр. Қай жануарға
ұқсайды деп ойлайсың?
Осыдан кейін парақты бүгіп, шеңбермен жібересіңдер.
Көршің де сол балаға ассоциация жазады. Осылайша өзіңе де жазасың.
Тапсырма
орындалғаннан кейін парақтарды жинап, әр балаға өз аты жазылғанды таратамын.
Оқушылар парақта жазылғанмен танысады.
VII. Әрбіреуің
өзің туралы жаңа бірдеңе білдіңдер ме, сыныптастарың сен туралы әр түрлі
ойлайтынын сездіңдер. Ұқсастық та, өзгешелік те бар екен. Неге? Осы туралы
ойланыңдаршы.
(Әр бала өзі туралы жазулармен бөлісетіндігін өзі шешеді)
VIII. Кітап көрмесінен өзіңе ұнайтын кітапты үйіңе бір
аптаға алып оқуды ұсынамын. Ұлдар кітаптар таңдайды.
ІХ. Ұлдарға өз- өзіне тапсырмалар құруға және оларды
орындауды ұсынамын:
1.
Өз бойыңда нағыз ер мінезді қалай тәрбиелейтініңді ойлан.
Неден бастайсың?
2.
Келесі аптаға өзіңе тапсырмалар құр, соны қағазға жаз.
3.
Спорт секцияларының кестесін қара, өзіңе ұнайтынын таңда.
Қорытындылаймын.
Нағыз ұлдарға арналған жадынама
1-кеңес. Әрқашан, тіпті қиын сәттерде де, шындықты жақта. Өзің
сенетін шындықты қолда. Осы жолда жан-дүниеңнің және ақылыңның батылдығы өседі.
2- кеңес. Шынық. Мықты және денің сау болсын. Спортпен достас. Осы
жолда тәніңнің батылдығы өседі.
1.
Күнде таңертең ұйқыдан тұрған сәтте сергіту жаттығуларын
жаса.
2.
Жаттығудан кейін міндетті түрде салқын сумен жуын.
3.
Таза ауада көп жүруге тырыс. Қозғалыс ойындарын ойна.
4.
Қол мен аяқты жаттықтыр. (күш жаттығуларын, еденнен дене
көтеру, турникке тартылу, т.б.)
5.
Қарапайым спорттық құралдарың (инвентарь) болсын.
(Доп, қолға арналған кіші доп, эспандер,
көлденең ағаш т.б.)
6.
Өзіңе ұнайтын спорт секциясына жазыл.