"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аралас сандарды азайту

09.02.2017

Пән: математика

Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды азайту

Оқыту мен тәрбиелеудің

міндеттері:

Білімдік- Оқушылар аралас сандарды; натурал сан мен аралас

сандарды  азайтуға дағдыланады, есептер

шығаруға қажетті біліктілік пен бейімділіктерін қалыптастырады;

Дамытушылық- аралас сандарды қосу, азайту арқылы мәселе

есептерді шешуді үйренеді; білімдерін есептер шығаруға қолдануға бейімделеді;

байқампаздығын дамытады; математикалық тілде сөйлеу қорын дамытады; қорытынды

жасауға бейімделеді; натурал сандарға амалдар қолданып ауызша есептеуге

үйренеді;

Тәрбиелік- Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта

отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру;  Өзін

- өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақ түрі:  білімді

бекіту сайыс сабағы

Құрал-жабдықтар, көрнекті

құралдар:

Сабақ оқытуда қолданылатын ұйымдастыру әдістері:  СТО

стратегиялары, есептер шығару, сұрақ-жауап

 

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру    

Сабақтың

мақсатын, жүру барысын айту , жұмыстық көңіл күй қалыптастыру__;_______________________________________________________________

(Үй тобында 2 адамнан болу керек,  1,2

 деп нөмірлеймін.)

 

І. Қызығушылықты ояту

- Бүгінгі

сабағымыз «қайталау сабағы», «Аралас сандарды қосу және азайту» тақырыптары

бойынша есептерді шығарамыз.

3. Ойынның шартымен таныстыру:

Ойынға екі топ қатысады, сыныптың оқушыларын екі топқа бөлу. Бірінші топқа «Бөлшектер»,

екіншіге «Аралас сандар» деген аттарды қою. Ойынның алаңында 9 сайыстың аты

жазылған

1. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДУЭЛЬ

2. КІМ ЖЫЛДАМ

3. НАТУРАЛ САНДЫ ТАП

4. АУДАРМАШЫЛАР САЙЫСЫ

5. МЫРЗА Х

6. ЖАСЫРЫЛҒАН САНДЫ ТАП

7. ҚЫЗЫҚТЫ ЕСЕП

8. ҚҰПИЯ ШАРШЫ

9.  МАТЕМАТИКАЛЫҚ АНАГРАММА

Ойын аланыңда 9

сайыс болады. Әр сайыста тапсырманы дұрыс және тез орындаған топ, сол сайыста

жеңеді. Жеңген топ таблоға өз таңбасын жазып, келесі сайысты таңдайды. Қай

топтың ойын алаңында өзінің үш таңбасын бір қатарға тігінен, не көлденен қойса

немесе алаңға 5 таңбасын жазса, сол топ ойында жеңіске жетеді. Жеребе арқылы

қай топ бірінші болып сайысты таңдайтыны анықталып,  сайыстың тапсырмасын түсіндіремін.

4. Ойынның барысы: Сайыстар бойынша топтар есептер шығарып жарысады.

Жеңген топтың белгісі ойын алаңдағы сайыстың аты жазылған тор көзге қойылады

5. Ойынды қорытындылау: Жеңген топты таблодан анықтау. Ойын нәтижесін

шығару үшін ойын алаңындағы 9 сайыстың ұяшықтарында тігінен, не көлденен қай

топтың белгілері қатар шықса, сол топ ойында жеңіске жетеді. Егер осы шарт

орындалмаса, онда ойын алаңында қай топтың белгісі көп қойылса, сол топ жеңіске

жетеді.

6. Оқушылардың білімін бағалау: Ойынға қатысқан оқушыларды бағалау.

Оқушының қолындағы фигураларымен бағалау

7. Үйге тапсырма беру: № 564, 568, (аяқтау), 166-бет


Сайыс

барысы:  

Интеллектуалды дуэль

Сайыс шарты:

4 сұрақ беріледі, топтар тез және дұрыс сұрақтарға жауап беру керек. Бір сұрақ

– бір ұпайға саналады, сайыста ұпай саны көп топ жеңіске жетеді.

1 - сұрақ. Жай бөлшек деп қандай санды айтамыз?

2 - сұрақ. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

3 - сұрақ. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

4 - сұрақ. Қандай сан аралас сан деп аталады?

Кім жылдам

№563 (165-бет)  есепті екі топ бөліп

тақтада есептейді, осы сайыста есептерін дұрыс және тез орындаған топ жеңеді.


Натурал санды тап

Тақтада жазылған сандардан натурал сан шығатындай етіп өрнек жаз.  Қатесіз дұрыс орындаған топ сайыста жеңеді.

Жеңген топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.


Аудармашылар сайысы

Топтардың белгілері қойылған тапсырмаларды орындайды. Жеңген топтың белгісі

ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.

Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз

 


Мырза Х

Сайыста №568 (166-бет)   есептің 2 мен 3 шығарылады. Теңдеуге әр топтан бір оқушы

шығады, теңдеуді бірінші және дұрыс шешкен оқушының тобы жеңеді. Жеңген топтың

белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.


Жасырылған санды тап

Сан тізбегінің келесі екі мүшесін жазып жалғастыр:

Жеңген

топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.

Қызықты есеп

Екі топқа бір ортақ есеп беріледі. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып есепті

шығарады, бірінші және дұрыс шығаратын оқушының тобы сайыста жеңеді. Жеңген

топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.

 ЕСЕП. Туристтер

межелеген жерге дейінгі қашықтықтың жартысын тас жолмен, 1/3 - ін орман ішімен,

қалғанын қара жолмен жүрді. Туристтер жолдың қандай бөлігін қара жолмен жүрді?


Құпия шаршы

Мына шаршы сиқырлы. Онда есеп жасырылған.

  • Неше үшбұрыш көріп тұрсың? (11)
  • Неше төртбұрыш көріп тұрсың? (6)
  • Неше бесбұрыш көріп тұрсың? (1)

 

 Топтардың белгілері қойылған тапсырмаларды

орындайды. Бірінші және дұрыс тапқан оқушының тобы жеңіске жетеді. Жеңген

топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.

Математикалық анаграмма

Екі топтың оқушыларына бір логикалық тапсырма беріледі. Тапсырмаға бірінші

және дұрыс жауап берген оқушы тобы жеңеді. Жеңген топтың белгісі ойын

аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДУЭЛЬ

2. КІМ ЖЫЛДАМ

3. НАТУРАЛ САНДЫ ТАП

4. АУДАРМАШЫЛАР САЙЫСЫ

5. МЫРЗА Х

6. ЖАСЫРЫЛҒАН САНДЫ ТАП

7. ҚЫЗЫҚТЫ ЕСЕП

8. ҚҰПИЯ ШАРШЫ

9. МАТЕМАТИКАЛЫҚ АНАГРАММА


 

Натурал

санды тап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудармашылар

сайысы


Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз


Жасырылған санды тап

Сан тізбегінің келесі екі мүшесін

жазып жалғастыр:

Жасырылған санды тап

Сан тізбегінің келесі

екі мүшесін жазып жалғастыр:

Қызықты есеп


 ЕСЕП. Туристер

межелеген жерге дейінгі қашықтықтың жартысын тас жолмен, 1/3 - ін орман ішімен,

қалғанын қара жолмен жүрді. Туристтер жолдың қандай бөлігін қара жолмен жүрді?

 

 

 

Құпия шаршы

Мына шаршы сиқырлы. Онда есеп жасырылған.

·   

Неше үшбұрыш көріп тұрсың?

·   

Неше төртбұрыш көріп тұрсың?

·   

Неше бесбұрыш көріп тұрсң?

 

Просмотров: 338

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст