"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7 мамыр Отан Қорғаушылар Күні (эссе)

13.05.2020

Отан қорғаушылар күні (эссе) 7-мамыр үлкен мереке. Өйткені ол Отан қорғаушылар күні. Еліміздің президенті Н. Назарбаев жарлығымен 1992 жылдың 7-мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Содан бері 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі болып, аталып келеді. Еліміздің Қарулы күштері біздің тыныштымыз бен бейбіт аспанымызды қорғайды. Біз сияқты балалардың алаңсыз білім алып, ойын ойнап, ата-анасының жанында бақытты өмір сүруі үшін еліміздің тыныштығын қорғайды. Биылғы жыл біз үшін қиын жыл болды. Елімізді жаман, жұқпалы дерт жайлап, біз үй отырып, қашықтан оқып, оқшауландық. Біздің денсаулығымыз жақсы болсын деп, үйлерінде еш қамсыз отырып білім алсын деп, отан қорғап жүрген ағаларымыз өз үлестерін қосып, көшелерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп еңбектерін аямауда. Ел ішіндегі тәртіпті қадағалауға да үлес қосып жүр. Олардың істері нағыз батырлардың ісі. Өйткені олар өз денсаулықтарына төніп тұрған қауіпке қарамай ерлікпен тең жұмыс атқаруда. Менің кіші ағам да қазір Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруда. Мен ағамды сағындым. Елімізде тыныштық болып, ағамның үйге оралуын асыға күтіп жүрмін. Мен барлық отандастарымды және ағаларымды келе жатқан мерекемен құттықтаймын! Еліміздің көк туы желбіреп, аспанымыз ашық болсын!

Просмотров: 798


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст