"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Школа,родитель, ученик

13.03.2018

Мұғалім,

ата-ана,оқушы...

     Оқушылардың шығармашылық әлеуетін

дамытудағы ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс істеу,сынып пен мұғалім ,мұғалім

мен бала,ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту,жетістікке жету ,отбасы

ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу мақсатында сөз қозғағалы

отырмын.

   

 Бір қызығы,өзім сынып жетекшілік  ететін 1-сынып оқушыларының аналары барлығы дерлік

ұстаздар.Сыныбымда 4 оқушы,барлығы қыздар.Қазіргі таңда ата-аналарымның екеуі

Ортағаш негізгі мектебінде қызмет атқаруда тарих пәнінің мұғалімі Есентаева

Тілеужан Алкенқызы және химия,биология пәнінің мұғалімі Қабаева Нұргүл

Тұяққызы, ал Утельбекова Айнұр Төлеуқызы мен Қажыкенова Райхан Нұрланқызы кішкентай

сәбилерін бағып,үй жайымен айналысуда.Яғни,бұл ұстаздарды ұстаздық жолды

таңдаған,бала жанашыры ,мейірімді жандар деп айтуға болады. Ол кісілермен жұмыс

жасау маған қиынға түскен жоқ.

 Неге десеңіз,бұл ұстаздар да бір сыныпқа

жетекшілік етіп келеді,  сынып

жетекшіліктің міндетін толықтай меңгерген ұстаздар.Қандай да бір мектепішілік

іс-шараларда, не болмаса үйге берілген қызықты тапсырмаларды орындауда, ата-ана

ретінде бала тәрбиесіне соншалықты көңіл бөлулері, мені ерекше қуантады.

 Сынып

жетекшілік-деген сөздің мағынасын оқушыларымның екінші анасы,қамқоршысы деп

түсінемін.Әріптестеріме өзге қырынан қарап, ата-ана міндеттеріне қаншалықты

жауапкершілікпен қарайтындықтарына көңіл аударуыма тура келді.

  

Осы орайда отбасының тірегі,оқушыларымның әкелерін айтпай кету мүмкін

емес.Шындығында әкелер аналар секілді мектеп өміріне  қатысып, белсенділік танытпайды.Осы жағдайды

ескере отырып,оқушыларымның әкелерін сынып ,мектепішілік іс-шараларға жұмылдыру

алдағы уақытта жоспарланып отыр.

  Өйткені адамзат бесігін  тербеткен

баланың бас ұстазы ата- ана: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай

көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туыстарына

деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден –

ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі,

білімді, мәдениетті болуын қалайды.

    

Ой санасы дамыған ,адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті

тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбие,білімнің  мәселелері мектепті де, ұстазды да,ата-ананы

да әрқашан толғандырып келетіні анық.

  

Өздеріңіз білетіндей біздің өмір сүріп отырған қоғамымыз,еліміз үнемі

даму,жаңару үстінде.Сондықтан елбасы  бізден елдігімізге сай білім беруді талап

ететін болса,біз оқушылардан жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сай

білім алуды талап етеміз.Нендей бір жетістікке қол жеткізу үшін біздер

мұғалім-ата-ана –оқушы болып бірлесе жұмыс жасауымыз қажет.Тәрбие мен білімнің

табысты болуының басты мақсаты мектеп пен ата-аналар арасындағы

бірлік,ынтымақтастық қарым-қатынаста.

    Ата - ананың

бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге

бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей

отырып

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан -

Өле - өлгенше соны таныр қиядан

Өнер - білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы - жаман болса бала

солардан»,-деген Жүсіп Баласағұн өзінің өлең шумақтарында.

   Сөзімді қорытындылай келе,мұғалім -ата-ана

–оқушы болып бірлесе жұмыс жасасақ,біздің  болашағымыз  зор деген үміттемін.

 

                                            

Ортағаш негізгі мектебінің

                                            

бастауыш сынып мұғалімі

                                                                Жайылғанова

Гүлзада Қалымтайқызы.

 

 

 

Просмотров: 172

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст