"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

неделя учителей гуманитарных дисциплин

05.04.2018

26 ақпаннан 

наурыздың 02 аралығында Ортағаш негізгі мектебінде гуманитарлық пәндер

бірлестігінің апталығы жүргізілді.

    Апталықтың бірінші күні мектеп

залы салтанатты түрде , мерекелі күндердегідей ерекше безендірілді. Апталықты гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі

Жүсіпбекова Шынар Рымбекқызы  салтанатты

түрде ашып, сөз сөйлеп, апталық бағдарламасымен таныстырып, кезекті оқушыларға

берді. Сонымен бірге хор, түрлі тақпақ, өлеңдер орындалды. Апталық жоспары

бойынша мұғалімдер ашық сабақтар жүргізіп, 5 -9 сыныптар бойынша сыныптан тыс

жұмыстар өткізді.

Апталық  өте

қызықты өтті. Осы апталықта тілдер бойынша сайысқа түстік. Маған осы пәндердің

барлығы ұнайды. Мұғалімдер апталықтың мінсіз болуына тырысып бақты. Барлық

оқушылар білімін көрсету үшін сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысты. Әрине мен

де дұрыс жауап беруге тырыстым. Бір жұма осы апталыққа қатысып ұпай жинадық, өзіміздің

білімділігімізді, ұйымшылығымызды көрсеттік. Екі топқа бөлініп ұпай жинадық. Жеңген

де, жеңілген де, кезіміз болды. Бірақ біз жеңілген күні көңіл-күйіміз түсмедік.

Өйткені келесі күнгі сайыстарға қатты дайындықпен келуге тырысып отырдық. Осы  апталықта өз білімімді, ұшқырлығымды көрсеткім

келді. Апталық мен үшін де, оқушылар үшін де, өте қызықты болды. Көптеген

мадақтамалар алдық. Сол мадақтамаларды сыныпқа іліп қойдық. Мұғалімдерге осы

апталықты ұйымдастырғандарына шексіз алғыс айтамын. РАХМЕТ!

 

Ортағаш негізгі мектебінің 5 – сынып оқушысы Рымбек

Дариға Қорғанбекқызы

 

Просмотров: 151

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст