«Жас ұлан» Республикалық біріңғай балалар мен жас өспірімдер бірлестігіне Ортағаш негізгі мектебінің оқушыларының қабылдау салтанатының сценариі
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаңызды келе жатқан 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, аспанымыз ашық еліміз тыныш болсын, бірлік болсын!
«Жас ұлан» Республикалық біріңғай балалар және жасөспірімдер бірлестігіне салтанатты кіру рәсімін ашық деп жариялаймыз!
(Қазақстан Республикасның Гимні орындалады.)
(Салтанатты жиынның ресми түрі, Дариға: «Мектеп тік тұр! ҚР-ң 16 желтоксан тәуелсіздік күніне арналған салтаннатты жиынға рапорт беруге дайындалсын. Рапоттар беріледі.
3-сыныптан бастап «Құрметті ШБҰ басшысы 16-желтоқсан ҚР-ң Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиынға 3-сынып оқушылары дайын. Рапорт берілді. Рапорт беруші 3-сын.оқушысы............»)
Жүргізуші: Бүгін осы мерекеге орай салтанатты түрде Республикалық біріңғай балалар және жасөспірімдер бірлестігіне мектебіміздің бірқатар үздік, оқуда озат оқушылары кіргелі отыр.
Елдің болашағын баянды ететін жастар. Олай болса балалар мен жасөспірімдердің де республика деңгейінде басын біріктіріп, еліміздің ертеңі үшін ортақ игі істерді ұйымдастыруға уақыт жетті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 - жылдығы қарсаңында 2017 жылғы - шілдеде балалар мен жасөспірімдердің біріңғай « Жас Ұлан » ұйымы құрылды.
Бұл ұйым екі буыннан тұрады: «Жас қыран » ұйымы, бұл ұйымға 2-4 сынып аралығында және «Жас Ұлан » ұйымымына 5-9 сынып аралығында оқушылар мүше болып кіреді.
Айта кетерлігі, ұйымға тек білімді, талантты, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын оқушылар ғана мүше бола алады.
Мұндай оқушылар біздің мектебімізде де жоқ емес, мектебімізде жақсы оқитын, талантты, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын оқушылар көп. Солардың бірнешеуін бүгін «Жас Ұлан» ұйымы мен «Жас қыран» ұйымына қабылдағалы отырмыз.
Атап айтатын болсақ:
«Жас қыран » ұйымына қабылданатын оқушылар:
Ал, « Жас ұлан » балалар ұйымына:
Бәріде оқуда озат, болашақ ғылыми жобалардың ізденушілері , қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысатын оқушылар.
Жүргізуші: Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын , тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің.
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының галстугі мен төс белгілерін салтанатты түрде тағуды бастаймыз. Галстук пен төс белгілерді тағу үшін, мектебіміздің ұлағатты ұстаздарымызға тапсырамыз.
Республикалық біріңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына өту үшін 2-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. (2-сынып оқушыларының анты , төс белгісін тағу)
Жүргізуші: Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына өту үшін 5-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз ( 5-сынып ант береді, галстук пен төс белгісін тағады)
Жүргізуші: Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына өту үшін 6-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз ( 6-сынып ант береді, галстук пен төс белгісін тағады)
Жүргізуші: Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына өту үшін 7-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз ( 7-сынып ант береді, галстук пен төс белгісін тағады)
Жүргізуші: Көптен күткен мақсаттарыңыз орындалып, үлкен өмір жолына қадам басқандарыңыз құтты болсын! Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға деген шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!
«Жас Ұлан » ұйымының Гимні ойналады.
Құттықтау сөзі мектеп Басшысы Қаиырбаи Б.Хасенұлына беріледі.
Келесі сөз кезегін ТІО Жүсіпбекова Ш.Р.-ға, ОІО Сұлтанова А.Ғ.-ға беріледі.
Жүргізуші:
Қазағымның жерін , елін қорғайтын.
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Біз Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландары өз жерімізді, өз елімізді, өз Отанымызды қадірлеп , қастерлеуге мәңгі сүюге әрқашан қолдап – қорғауға уәде етеміз. Бүгінгі «Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігіне салтанатты қабылдау рәсімі тәмамдалды. Бүгінгі салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Бақытты күндер аясында кездескенше сау болыңыздар!
Дариға: «Ұйым еркін тұр!»
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің АНТЫ
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Ортағаш негізгі мектебі
«Жас ұлан» Республикалық біріңғай балалар мен жас өспірімдер бірлестігіне қабылдау салтанатының сценариі
Жумагулова А.М.
2020-2021 оқу жылы