"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Прощай, начальная школа!

04.06.2018

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Саған мәңгі қарыздармын бастауышым!

Дариға: 

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, 

Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 

Сан ұрпақты

тәрбиелеп оқытқан, 

«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар! 

Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, 

Әні менен

жырларына тарландарым, сал құлақ, 

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан, 

Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... 

Көрінетін биіктен асқақ іспен

Баулитұғын білімге жас кішіден.

4 жыл бойы біліммен сусындатқан

Қоштасқалы күн келді бастауышпен.

Бастауышты халық та дәріптеген

«Білім

көзі» деген сөз анық деген.


Жанерке: Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен

өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы

мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік

есте қалады. Назарларыңызға 4 сыныппен қоштасу кешіне арналған  «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі

басымды ием, Бастауышым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

         Білім сыйлап балаға еңбек еткен,

Самал сөзі аймалап, сүйген беттен.

Шәкіртінің естісе ерліктерін

Қуаныштан көңілі көкке жеткен

         Сабақ берген шын ынта, пейілімен,

Баулыған бар ұрпақты зейінімен.

Жасай берсін, ұстазым, жасай бергін,

Даласындай қазақтың кең пейілді- деп, ақын ұстаздарға өз

жүрек жарды сырын арнағандай, алдарыңызда 4 сыныбының жетекшісі Нурканова Шынар

Балташқызын қарсы алайық.

Шынар Балташқызы: 

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап білімменен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған оқушыларым ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы

отыр. Бұл салтанат қуаныш баршамызға ортақ.

Мұндай күй

болған сірә қаншаңызда,

Тілеймін  ұстаздар баршаңызға.

Қол соғып,

қошеметтеп шақырайық,

Бүгін менің

сүйікті шәкірттерім ортаңызда

(Оқушылар ортаға шығады)

Шынар Балташқызы:

Мен үшін бәрің

бірдей қарақтарым,

Орындалсын

арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым,

әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай

күнді, талай айды,

Уақыт сырғып

артқы жаққа қарамайды.

4 жыл бойы

сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай

қызық, талай жайды.

Ірге тасын

қаладым, білім бердім,

Саналы

ұл-қыздарым, бүгін менің.

Келесі сөз

кезегін шәкірттеріме берейін.

Нарғыз: Армысыздар,

құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар!

 Бала шаққа болашақты жырлатып, 

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. 

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, 

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты. 

Армысыздар, әжелер мен аналар, 

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата

алар. 

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, 

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. 

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер, 

Қыран құстай

балапанын мәпелер, 

Бүгін міне бастауышпен қоштасады, 

Азамат боп кешегі сәби еркелер. 

Нұрдәулет:Армысың сен алтын ұя

мектебім 

Саған айтар жыр алғысым көп менің. 

Жүректерге жаққан білім шырағын, 

Мектебіме арналады бұл әнім. 

Ән Сүйікті бастауыш

мектебім

Меруерт:- Біз, бүгін көзімізді

ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын

қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

Ділназ: - Сондай-ақ біздің

ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан,

жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы

отырмыз.

Нарғыз:-Біз, мектепте білім ала

отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік.

Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.

Нұрдәулет:

- Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші!

Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ

шығар, сірә!

Меруерт:

-  Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы

шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек

бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты

ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс

білдіріп, тағзым етемін!

Бастауышпен қоштасу әні (Армандастар

әуенімен) (Хор)

Ділназ: Мектеп деген білім кені жыр

кені, 

Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 

Мектеп деген тәрбиеші адамға, 

Мектеп деген даналардың мекені. 

Мектебім білім берер алтын ұям, 

Ер жетіп сенде сөзім артты санам. 

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай 

Әрқашан қасиетті атың маған. 


Меруерт: Ұлылықты

ардақ тұтар үнемі, 

Алтын ұя,

ақ босаға киелі, 

Қанат қаққан

білім алып өзіңнен, 

Күллі шәкірт саған басын иеді. 

Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық, 

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. 

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, 

Тұрады құлағымда

сыңғыр қағып. 

Нұрдәулет:  Мектеп – үйім, ұстазым менің ата - анам, 

Сенен өсіп,

сенен ғана нәр алам 

Саяң ыстық,

сен мәуелі бәйтерек, 

Тамырланып, сан тарапқа тараған. 


Ділназ:

- Наргиза, есіңде ме 

осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға

көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Наргиза: 

-Иә, Енді, міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш

мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Нұрдәулет: Әр үйдің ерке өскен

тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Меруерт:

Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А»әрпін алғаш сенен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

 

Нарғыз: Мұғалім ұстазысың балалардың, 

Болашақ ғалымдардың, даналардың. 

Өмірде сенің алар орыныңа, 

Бірі де жеткізе алмас бағалардың 

 Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың, 

Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын. 

Сағына әркез суреттерді парақтап, 

Шәкірттерін жиі еске алатын. 

Нұрдәулет: Жаралған

жақсы үмітпен мұраттардан, 

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. 

Жатталды жан жүректе есіміңіз, 

Адамның аяулы үні сияқтанған. 

Хормен: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, 

Мың алғыс

отты мына жүректерден.

 Ән Бәрін үйреттің орындайтын Нарғыз

Мұғалім:

Алдарыңда

сан тарау жолдары тұр,

Бәрі бірдей азамат болғалы тұр.

Біріншіге келетін балаларға

Тапсыратын уақыт келді білім кілтін. Олай болса сыныбымыздың Нұрдәулет, Ділназ

 1 сынып оқушыларына білім кілтін табыс етеді.

ІІ. Концерт:

 

Мұғалім:

-  Армандасаң

да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға

беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық

шақтан басталады.  Міне, бүгін біздің балдырғандар өміріне өшпес із

қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі 

отыр. Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен

сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына

өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса балдырғандардың өнерін тамашалайық!

Меруерт

 

1.     

«Отан – оттан да ыстық», «Отан – отбасынан басталар»

дегендей, Алғашқы шырқалар ән Отаным, өз елім деп өмір сүретін, Отанын шексіз

сүйетін барша қонақтарымызға арналады.

«Тәуелсіз

елдің ұланы» әнімен

алдарыңызда Нарғызды қарсалыңыздар

 

Ойын Нұрдәулет

 

Нұрдәулет

2.     

Өнерліге әсем ән мен сән керек,

          Өнегені қанжығаға өңгерет.

«Шашу »биін билегенде   бишілер

Бүкіл әлем кетер бір сәт

дөңгелеп,

Сахнаға

биші қыздарымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар

 

Нарғыз

 Алғашқы

ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді - дей келе келесі шырқалар ән  даярлық сыныпта алғаш біліммен сусындатып,

тәрбие берген Бибігүл, Фарида  тәрбиешілерімізге

арналады. Орындайтындар Меруерт, Ділназ

Жұмбақ шештіру Нарғиза

Шынар Балташқызы

3.     

 Мың

бұралса біз қарап тамсанайық,

Сіздерге жақсылықпен жар салайық.

Бишілерді сахнаға біз шақырып,

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық «Вирус»

биімен қарсы алаңыздыр

Нұрдәулет

4.     

Дүниеге әкелген ол да сенің анашың

Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың

Мәпелеген баласын, ол да сенің анашың!

Анамызға мың алғыс - дей келе келесі ән барша аналарға арналады. Ортамызда сыныбымыздың әншілері

Ділназ бен Меруертті «Анашым» әнімен қарсы алыңыздар

Ділназ

5.     

Риза болшы ұстаз қауым ардақты,

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.

Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де,

Бастауышты орта буын жалғапты. Осы әнді барлық бастауыш сыныпта білім беріп жатқан мұғалімдеріне

арнаймыз. Нарғызды қошеметпен қарсы алыңыздар

Мектебім

әні

Шынар Балташқызы

6.     

 Бастауышта 

шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жыр жалын

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға - Ендеше, келесі тамашалайтындарыңыз би

флешмоб қабыл алыңыздар

Дильназ

7.       Білімнен

сыбағасын алып берген,

 Жөн

сілтеп ақылменен бағыт берген.

        Сыныпта

жетекшінің орны бөлек,

 Өмірдің соқпағына салып берген дей келе ортамызда сынып жетекшісі Шынар

Балташқызы шәкірті Нарғызбен ортаңызда. Қарсы алайы

   Ән: «Қош бол, Бастауыш мектеп!»             

Ата-аналарға сөз беру

 

Просмотров: 318

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст